Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті

    1 / 7

    Республика күні қарсаңында еліміздің барлық өңіріндегі кітапханаларда кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер мен зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Іс-шаралар ел тарихын танытуға және егемендік пен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Тұғыры биік – Қазақстан» кітап көрмесі ашылып, осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Көрме 15-30 қазан аралығында жұмыс істейді.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Елім менің – Қазақстан!» зияткерлік ойыны өтті.

    Ақмола облысында «Республика күні – ел мерейі» ашық микрофоны мен балаларға арналған «Тәуелсіздік тарихы» интерактивті экскурсиясы ұйымдастырылды.

    Ақтөбе және Абай облыстарының кітапханаларында кітап көрмелері мен патриоттық кештер өтті.

    Павлодар облысында «Қазақстан – жарқын болашақ мекені» тақырыптық кеші және «Қыран елім – Қазақстаным!» ақпараттық сағаты өткізілді. Шымкентте «Қазақстан: тарихтан – болашаққа» кітап көрмесі, «Еңсесі биік Егемен ел» көрме-диалогы мен «Республика рухы – елдік пен ерлік» патриоттық кеші ұйымдастырылды.

    Жалпы, Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтіп, оған 40 мыңнан астам адам қатысты.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары