Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

    1 / 5

    25 қазанда Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті. «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» іс-шарасы Республика күнінде ұйымдастырылды.

    Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы ұйымдастырды.

    Жиынға дипломаттар, студенттер, білім мен өнер саласының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Шеберлік сабағына келген 50-ге жуық адам ойынның тарихы мен ережелерімен танысып, қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын ойнап көрді.

    Турнирде 32 қатысушы бақ сынады. Олардың екеуі – Қазақстан азаматтары. Бірінші орынды 13 жастағы қазақстандық иеленді. Екінші және үшінші орынды Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің қытайлық студенттері алды. Жүлдегерлерге Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ спорт федерациясының президенті Әкім Тұрсын атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

    Іс-шара аясында Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы мен Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта тоғызқұмалақты Қытайда кеңінен насихаттау, мәдени, білім беру және спорттық іс-шараларды бірлесіп өткізу көзделген.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары