1 / 6
Ертең Түркістанда өтетін Республика күніне арналған марафон қарсаңында қатысушылар Жібек жолы саябағында ағаш отырғызды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастама биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған марафонның экологиялық мәнін арттыра түсті.
Спортшылар қасиетті қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, сый жасауға бірауыздан қолдау білдірген. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Құдияров ағаш отырғызу рәсіміне қатысып, келушілерге ыстық ықыласпен сәттілік тіледі.
Биылғы марафонға 26 шет мемлекеттен 300-ден астам азаматты қоса алғанда, 3 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.









