Республика күні қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарында экологиялық акция өткізілді.

    1 / 9

    Республика күні қарсаңында бүкілұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында аумақтарды тазалау және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізілді.

    Іс-шараларға студенттер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және аумақтық экология департаменттерін қоса алғанда, 353 мыңнан астам адам қатысты.

    Акцияға қоғамдық орындарды тазалау және көшеттер отырғызу кірді. Қатысушылар бірлесіп аумақтарды қоқыстардан тазартып, елді мекендерді көгалдандыруға үлес қосты.

    Акция нәтижесінде:

    * 32 мыңнан астам тонна қоқыс жиналып, шығарылды;
    * 189 мыңнан астам гектар тазартылды;
    * 27 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды;
    * 1,8 мыңнан көп тонна қалдықтар қайта өңделді.

    Акция «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша жүйелі жұмыстың бөлігі болып табылады және азаматтар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға, табиғатқа құрмет көрсету мәдениетін дамытуға және қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді.

    Ұқсас іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында өткізіле береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары