Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің келесі ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
Жаңалықтар
АшуҚазақстан мен Өзбекстан атмосфералық ауаның сапасы мәселелерін талқылады
АшуМинистр «Алтын-Емел» ұлттық паркінің жұмысымен танысты
АшуҚазақстанда ең үздік қолжетімді техникалар бойынша 24 салалық анықтамалық бекітілді: IGTIC өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады
Ашу3 миллион қарағай көшеті: орманды қалпына келтіруге 300 млн теңге бөлінді
АшуҚР Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады
Ашу