Қазақстан мен Өзбекстан атмосфералық ауаның сапасы мәселелерін талқылады

    1 / 7

    2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне қатысты. Кездесу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту және атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселелеріне арналды.

    Кездесу барысында қатысушылар шекара маңындағы аумақтарда атмосфералық ауа мониторингін жүргізу, ақпарат алмасу және екі елдің бейінді ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Өзбекстанда атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға бағытталған шараларды талқылауға және тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ тараптар Өзбекстан Республикасының Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті мен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы бірлескен жұмыс тобы туралы ереже жобасын, сондай-ақ «Таза ауа» бастамасын қарастырды.

    Кездесу Қазақстан мен Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту, практикалық тәжірибе алмасу және атмосфералық ауа сапасының мониторингін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары