ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады

    ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров азаматтарды жеке қабылдап, экологиялық мәселелерге қатысты бірқатар өтініштерді қарады.

    Атап айтқанда, азаматтар экология саласындағы жобаларды қаржыландыру, бейінді үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, экологиялық нормалардың сақталуы, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

    Әрбір өтініш бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында толық түсіндірмелер берілді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды орналастыру объектілерін пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтау және қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қарағанды облысынан келген азаматтарды тыңдау барысында Министр Теміртау қаласының маңындағы Аққұдық станциясындағы экологиялық жағдайғамемлекеттік ден қоюдың кешенді инспекциясына жеке қатысатынын атап өтті.

    Қабылдау қорытындысы бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттеріне көтерілген мәселелерді өз құзыреті шегінде одан әрі қарау және қабылданып жатқан шаралар туралы өтініш берушілерді хабардар ету тапсырылды.

    ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі халықпен ашық диалог орнату, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары