1 / 12
Республика күні мен Түркістан қаласының күніне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһардың дамуына үлес қосып, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады.
Салтанатты рәсімде мәдениет пен өнер, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және коммуналдық шаруашылық салаларының өкілдеріне құрмет көрсетілді. Олардың қатарында тәжірибелі мамандар, ардагерлер, кәсіпкерлер мен еңбек адамдары бар.
Қала әкімі құттықтау сөзінде Республика күнінің елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын маңызын атап өтіп, Түркістанның өсіп-өркендеуіне әр азаматтың қосқан үлесі айрықша екенін жеткізді. Сондай-ақ адал еңбек пен кәсіби жауапкершілік қаланың дамуына негіз болатынын атап өтті.
Жалпы, мерекелік жиында 24 азамат марапатталды. Бұл – олардың еселі еңбегіне көрсетілген құрмет әрі еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам.









