ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

    1 / 17
    Республика күні мен Түркістан қаласының күніне орай «Керуен-Сарай Арена» туристік кешенінде «Жайнай бер, Түркістан!» атты мерекелік гала-концерт өтті.
    Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты.
    Мерекелік кеште қала әкімі тұрғындар мен қала қонақтарын қос мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Өз сөзінде Республика күнінің ел егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын тарихи маңызына тоқталып, Түркістанның ұлт тарихындағы орны мен рухани құндылығын атап өтті.
    Сонымен қатар шаһардың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, тұрғындарға амандық, отбасыларына бақ-береке тіледі. Ел бірлігінің нығайып, киелі қаланың даму жолындағы жетістіктері еселене беруіне тілектестік білдірді.
    Гала-концертте танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Ернар Айдар және Айдана Меденова өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
    Әсем ән мен әсерлі өнерге ұласқан кешке жиналған тұрғындар мен қала қонақтары қос мерекенің қуанышын бірге бөлісті. Мерекелік бағдарлама Түркістанның мәдени тынысын кеңейтіп, шаһар тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары