ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты пікірсайыс турнирінде ауданымыздың абыройын асқақтатқан әріптестерімді қабылдап, жеңістерімен құттықтадым.
Аталған турнирге 16 командадан 48 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты додада Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінен құралған «ПАРАСАТ» командасы жүлделі I орынды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңімпаз атанған әріптестерім:
🥇 Тәңірқұлова Айжан Әблақатқызы
🥇 Шыңғысбек Жания Саматқызы
🥇 Тұрғұнов Нұрбек Нұржанұлы
Кездесу барысында әріптестерімнің білімділігін, ой ұшқырлығын, шешендік шеберлігін және командалық бірлігін жоғары бағалап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледім.
Бұл жеңіс – қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігі мен жан-жақты дамуға деген ұмтылысының, сондай-ақ бірлескен еңбегінің айқын нәтижесі.
Әріптестерімді айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспін!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!








