ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    Халықаралық қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтадым. Атап айтқанда, Кималхан Шайбеков, Аманкүл Байбосынова, Нина Куприянова және Махсуда Усманованың үйлерінде болып, ізгі тілегімді білдіріп, естелік сыйлықтар табыстадым.

    Кездесу барысында ардагерлермен әңгімелесіп, олардың өнегелі өмір жолы мен ел игілігі жолындағы еңбектеріне алғысымды білдірдім. Аға буынның қажырлы еңбегі, өмірлік тәжірибесі мен тағылымы – кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлкен үлгі.

    Қарияларымызға құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеймін. Қарттарымыз әрдайым ортамыздың берекесі болып, ұрпақтарының қызығын көре берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары