ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін, 10 қараша күні Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Маңызды басқосуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Арнайы бағдарламалар комитетінің төрағасы Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Әбдез Рахманұлы Иманқұлов және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтар мен өзекті міндеттер кеңінен талқыланып, оларды өңірлік деңгейде жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар ел дамуына бағытталған бастамалар жөнінде пікір алмасып, тұрғындар өз ұсыныстары мен көзқарастарын ортаға салды.
Жиынның басты мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің маңызын түсіндіру, қоғаммен ашық диалог орнату және ел дамуына бағытталған ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









