ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ ӨРШУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

    Ұлытау облысының медициналық ұйымдары тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) аурушаңдығының маусымдық өршуіне дайын. Қажет болған жағдайда өңір стационарларында 250-ге дейін инфекциялық төсек-орын ашуға мүмкіндік бар. Оның 96-сы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр.
    2026–2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусымға дайындық аясында өңірде тұмауға қарсы вакцинация жүргізілді. Жоспарланған контингенттің 82,4%-ын құрайтын 28 мың адам екпе алды. Вакцинация тұмаудың алдын алудың негізгі шараларының бірі болып табылады.
    Облыста профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді. Эпидемиологиялық жағдай мамандардың тұрақты бақылауында.
    Тұрғындарға аурудың алдын алу шараларын сақтауға кеңес беріледі: адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, бөлмелерді үнемі желдету, қолды мұқият жуу және антисептиктерді пайдалану. Ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары