1 / 2
Бүгін Жаңаарқа ауданында жергілікті әкімдіктің қолдауымен салынған 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, медицина мамандарына пәтер кілттері табысталды.
Медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету – кадрлық әлеуетті нығайтудың, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі. Білікті мамандарға қолайлы еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау олардың өңірде тұрақтап, ұзақ мерзімді қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
2024–2026 жылдары ауданға 18 дәрігер тартылды. Оның 11-і биыл жұмысқа келді. Олардың қатарында кардиолог, эндокринолог, хирург, гинеколог, педиатр және басқа да қажетті мамандар бар.
Жалпы, соңғы үш жылда Ұлытау облысына 100-ден астам дәрігер тартылып, олар тұрғын үймен және 5–8 млн теңге көлеміндегі біржолғы көтерме төлеммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар алдағы жылы Сәтбаев қаласында - 35, Жещқазған қаласында 45 пәтерлік дәрігерлер үйі салынбақ.
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы медицина кадрларын қолдау және ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.








