Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасында Астана қаласынан арнайы келген ортопед дәрігердің қатысуымен ірі буындарды эндопротездеу бойынша күрделі оталар сәтті орындалды.
Бұл – Ұлытау облысының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Енді жамбас және тізе буындарын эндопротездеу сияқты жоғары технологиялық операцияларды жасату үшін басқа өңірлерге бару қажеттілігі азаяды.
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы өңір медицинасын дамытуға, заманауи емдеу әдістерін енгізуге және білікті мамандардың тәжірибесін жергілікті медицина қызметкерлерімен бөлісуіне ерекше мән береді.
Біздің басты мақсатымыз – сапалы әрі заманауи медициналық көмекті әрбір тұрғынға қолжетімді ету, халықтың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








