Мойынқұм ауданында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    1 / 2

    №18 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Мойынқұм ауданының тұрғындары арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу, автокөліктердегі және шөп сақтау орындарындағы өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

    Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау, олардың отпен ойнауына жол бермеу, терезеден құлауының алдын алу, сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша ақпарат берілді. Тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылды.

    Профилактикалық жұмыстар аясында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында тұрғын үйлерге арнайы датчиктер орнатылды.

    Қауіпсіздік – әр үйден басталады! Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары