КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП – ҮНСІЗ ҚАТЕР!

    1 / 2

    Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, Б. Момышұлы ауылының тұрғындары арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында пеш мұржаларын уақытылы тазалау, улы газдан уланудың алдын алу, газ құбырлары мен жабдықтарының жарамдылығын тексеру және ақауы бар құрылғыларды пайдаланбау қажеттігі түсіндірілді.

    Есте сақтаңыз! Улы газдың иісі болмайды. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр отбасының өмірі мен денсаулығының кепілі.

    Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамаңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары