Жылыту маусымындағы қауіпсіздік – басты назарда!

    1 / 2

    Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QAZAQGAZAIMAQ» мамандарымен бірлесіп, тұрғындар арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, газ және электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, жылыту пештерінің жарамдылығын тексеру және улы газдан уланудың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар, мұржаларды уақытылы тазалау, пеш алдына жанбайтын төсеніш төсеу және жанғыш заттарды жылыту құрылғыларының жанына қоймау қажеттігі ескертілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары