Есепте қазіргі әлемдегі әскери қақтығыстардың балаларға тигізіп жатқан рақымсыз әсері қатаң сынға алынды:
Жыныстық және басқа да зорлық-зомбылық:2024 жылмен салыстырғанда қақтығыс аймақтарында балаларға қарсы көрсетілетін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік 35%-ға өскен.
Қарулы қақтығыстардың құралы:Балалардың соғыс әрекеттерінде қасақана нысанға алынып, әскери қақтығыстарға тартылуы үлкен қатер тудырып отыр. Мектептер мен ауруханалардың қирауы, отбасылардың босқынға айналуы балалардың болашағын жойып жатқаны атап өтілді.
Азық-түлік қауіпсіздігі:Әскери қақтығыстар жаһандық азық-түлік тапшылығының 70%-ын тудырып отыр. Мысалы, Суданның өзінде 2026 жылы 5 жасқа дейінгі 825 мыңнан астам бала жедел түрде ауыр аштық пен қуат тапшылығына ұшырайды деп болжануда.
Балалар семіздігі – жаһандық эпидемия деңгейінде
Тарихта алғаш рет балалар мен жасөспірімдер (5–19 жас аралығындағы) арасындағы артық салмақ пен семіздік деңгейі аштық пен салмақ тапшылығынан асып түсті.
Мектеп жасындағы әрбір оныншы бала қазір семіздікпен зардап шегеді.
2000 жылы артық салмағы бар мектеп жасындағы балалар саны 194 миллион болса, қазір бұл көрсеткіш 391 миллионға жетіп, екі еседен астам өскен.
Ең жоғары көрсеткіштер Латын Америкасы, Кариб бассейні, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өңірлерінде тіркелді.
Сарапшылар бұл жай ғана балалардың таңдауы емес, бұл – зиянды өнімдердің жарнамасы, ультра өңделген тағамдардың қолжетімділігі және балалардың физикалық белсенділікпен айналысуына жағдайдың жоқтығы секілді қоршаған орта факторларының жүйелі түрде сәтсіздікке ұшырауы екенін ескертеді.
Бес негізгі бағыт (домен) бойынша бағалау
Индекс елдерді мынадай 5 көрсеткіш бойынша саралайды: өмір сүру құқығы, денсаулық, білім беру, қорғаныс және балалар құқықтарына қолайлы орта (enabling environment):
Лидерлер:Бұл рейтингте дәстүрлі түрде Батыс Еуропа елдері көш бастап тұр. Люксембург, Исландия, Монако, Германия және Норвегия балалар құқығын қорғауда ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік елдер қатарында.
Антилидерлер:Рейтингтің соңында негізінен қақтығыстар мен экономикалық дағдарыс жайлаған елдер тұр (мәселен, ауыр гуманитарлық жағдайға байланысты Ауғанстан ең төменгі орынға ие болды).
Қарқынды өзгерістер:Кейбір елдер өз саясаты мен заңнамасын өзгерту арқылы үлкен секіріс жасады. Мысалы, балалар құқығы мен бюджетін жақсартқан Румыния 81 сатыға көтерілсе, денсаулық сақтау мен білімге инвестиция құйған Науру 37 сатыға жоғарылаған.
Климаттың өзгеруінің әсері
2026 жылғы есепке алғаш рет климаттың өзгеруі мен экологиялық
факторлардың әсері қосып есептелді. Нәтижесінде, климаттық қатерлер ескерілгенде барлық дерлік елдердің ұпайы төмендеген (бұл көрсеткіш бойынша тек 12 ел ғана құлдыраудан аман қалған). Бұл мемлекеттердің балаларды жаһандық жылыну мен экологиялық қатерлерден қорғауда әлі де әлсіз екенін көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









