ЕСЕНСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    1 / 13
    Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларымен бірге Есенсай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Есенсай, Тасоба және Кеңсуат ауылдарының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
    Кездесу кезінде 17 тұрғынның өтініші тыңдалып, оларды алаңдатқан тұрғын үй, жұмыспен қамту және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
    Аудан әкімі азаматтардың әрбір сауалын назарға алып, заңнама аясында тиісті түсініктемелер берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді зерделеп, шешу жолдарын қарастыру мақсатында жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
    Тұрғындардың өтініштері бойынша атқарылатын жұмыстар мен берілген тапсырмалардың орындалу барысы аудан әкімінің бақылауында болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары