ҚҰРАЙЛЫСАЙ ЖӘНЕ КӨНЕККЕТКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 27

    Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларымен бірге Құрайлсай және Көнеккеткен ауылдық округтеріне жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке қабылдады.

    Кездесу аясында Жұбан, Сайқұдық, Көнеккеткен және Қамыстыкөл ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады.

    Жеке қабылдау барысында барлығы 32 азаматтың өтініші қаралды. Тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер мәселесі, жол жөндеу және жол белгілерін орнату, балабақша жұмысы, денсаулық сақтау, электр энергиясы мен ауыз суға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

    Аудан әкімі әрбір өтінішті назарға алып, қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді. Сонымен қатар көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайды. Көтерілген мәселелердің шешілуі мен тапсырмалардың орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауында болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары