АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 6

    Бүгін Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырысқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Ибрашев ZOOM платформасы арқылы, аудан прокуроры Алмас Меңлібаев, комиссия мүшелері, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

    Күн тәртібінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, құрылыс нысандарын салу кезіндегі заңдылықты сақтау, медициналық қызмет көрсету мен тегін дәрі-дәрмек беру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлу рәсімдеріндегі тәуекелдерді болдырмау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу міндеттелді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары