ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    1 / 14

    Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин еңбек ардагерлері Қаби Набиұлы мен Галина Ивановнаны 80 жас мерейтойларымен құттықтап, арнайы қабылдады.

    Кездесу барысында аудан басшысы мерейтой иелерінің саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, ауданның дамуына қосқан үлестерін атап өтіп, ақжарма тілегін білдірді. Сондай-ақ мерейтой иелеріне арнайы құттықтау хаттар табысталды.

    Қаби Набиұлы Қабисов ұзақ жылдар бойы энергетика салаларында жауапты қызметтер атқарып, Чапаев электр желілері мекемесін басқарды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, 2024 жылы «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

    Галина Ивановна 33 жыл ғұмырын білім беру саласына арнап, Бударин орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. «Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі» белгісімен және бірқатар салалық марапаттармен наградталған.

    Мерейтой иелері өздеріне көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін аудан басшылығына алғыстарын білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары