Ақжайық ауданы 1997 жылы бұрынғы Чапаев және Тайпақ аудандарының біріктірілуі негізінде құрылған облыстағы ірі аудандардың бірі. Аудан Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы - 25,7 мың шаршы км. Тұрғыны - 35680 адам. 45 елді мекеннің басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан. Орталығы - Чапаев ауылы. Аудан құрамына 18 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Ақжол, Ақсуат, Алмалы, Алғабас, Базартөбе, Базаршолан, Бударин, Есенсай, Жаңабұлақ, Жамбыл, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Қурайлысай, Көнеккеткен, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ, Чапаев ауылдық округтері кіреді.
Ақжайық ауданы әкімінің аппараты аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Ақжайық ауданында зиянкестерге қарсы фитосанитариялық бақылау жұмыстары назарда Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянды организмдерден қорғау және фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы аудан бойынша аса қауіпті зиянкестердің арасында ауданымызда кездесетін үйірлі шегірткелердің таралуына мониторингтік зерттеу жұмыстары жоспарланған 237,1 мың гектар аумақта толық жүргізілді. Оның ішінде итальяндық шегірткеге қарсы көктемгі-жазғы тексеру жұмыстары 60,0 мың гектар жерде жүргізіліп, 20,4 мың гектар аумақта зиянкестің таралуы анықталды, оның ішінде экономикалық зиян шегінен асқан алаңдар көлемі 4,0 мың га. Шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу мақсатында белгіленген учаскелерде химиялық өңдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Чапаев, Базаршолан, Бударин және Мерген ауылдық округтерінің аумақтарында 4,0 мың га мемлекеттік жер қорындағы алқаптарда өңдеу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, 2026 жылғы маусым айында итальяндық шегірткенің таралуы мен жұмыртқа салу кезеңіне байланысты 90,0 мың гектар аумақта жазғы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жалпы 29,1 мың гектар аумақта зиянкестің таралуы анықталды. Фитосанитариялық қауіптің алдын алу мақсатында 2027 жылға итальяндық прусқа қарсы 3 800 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде Чапаев ауылдық округінде – 3 000 гектар, Базаршолан ауылдық округінде – 800 гектар жер қамтылады. Аудан бойынша фитосанитариялық мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғауға бағытталған қажетті шаралар уақтылы қабылданатын болады. ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ж.С.Макашев
1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді «1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді», — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы. Орал қаласындағы Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО енді кезекші кесте бойынша: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні — сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Орал қаласындағы Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы №2 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі — демалыс күндері. Айта кетейік, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған ХҚКО бұрынғы жұмыс кестесі бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — сағат 20:00-ге дейін; сенбі күні — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — сағат 13:00-ге дейін. ХҚКО-ға баруды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар. Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруы шектелген азаматтар құқылы. Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкер азаматтың үйіне барып, қажетті құжаттарды қабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесі көрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі. Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайы жеңілдік терезелері арқылы жедел қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған тактильді тақталармен және арнаулы арбалармен қамтылған.
Сәбидің дүниеге келуі - кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген. Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан, жәрдемақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ға арнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жолданады. Жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады. Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстік өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екінші орында 19 мыңнан астам төлем рәсімделген Алматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласы түйіндейді. Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмек мөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегіне байланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңге берілсе, одан кейін туған балаларға берілетін жәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды. Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталған мерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығы жойылады. Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күні ішінде, ал электронды үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен. «АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр. Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды. Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды. Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты. Қолданыстағы жүйенің ауқымы делегацияға Қазақстандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысын іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда елде жұмыс істейтін 318 фронт-офистарында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 1330 түрі қолжетімді. Оның 1272-сі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі. Сапар аясында делегацияға Кайдзен қағидаттары бойынша жобаланған, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары кеңейтілген заманауи «Халыққа қызмет көрсетудің цифрлық офистері», сондай-ақ азаматтарға дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік беретін постаматтар таныстырылды. Камбоджа өкілдерінің ерекше қызығушылығын цифрлық технологиялар мен биометриялық сәйкестендіруді ұштастыратын цифрлық ХҚКО-ның жаңа форматы – AI-офистер тудырды. AI-офистер үш функционалдық аймақты қамтиды: SELF – өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы анықтамалар алуға, DIGITAL – онлайн қызметтерді рәсімдеуге және ASSIST – күрделі мәселелерді консультанттың көмегімен шешуге бағытталған. Камбоджа Ішкі істер министрлігінің өкілдері таныстырылған цифрлық шешімдердің тиімділігі мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Делегация мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі Камбоджада мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту және жетілдіру барысында пайдалы болатынын атап өтті.
Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін қазақстандықтардың саны артып келеді 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады. Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр. Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) Аударым саны Барлығы 66 659 094 302,02 73 456 Ақмола облысы 1 301 404 104,10 1 919 Ақтөбе облысы 3 786 064 527,33 4 359 Алматы облысы 24 711 228,07 066 Атырауоблысы 3 943 939 767,44 3 791 Шығыс Қазақстан облысы 1 527 427 793,28 2 045 Жамбылоблысы 1 483 973 244,91 2 134 Батыс Қазақстан облысы 2 292 443 937,59 2 442 Қарағанды облысы 5 265 611 248,47 5 963 Қостанай облысы 1 930 290 043,12 2 855 Қызылорда облысы 1 746 149 958,85 2 378 Маңғыстау облысы 3 496 995 021,36 3 734 Ұлытауоблысы 46 219 700,07 054 Абайоблысы 1 059 677 818,21 1 685 Жетісуоблысы 933 400 854,55 1 349 Павлодароблысы 3 494 934 297,77 3 575 Солтүстік Қазақстан облысы 804 079 529,47 1 160 Түркістан облысы 1 987 795 960,34 2 784 Алматықаласы 17 633 839 058,41 16 983 Астанақаласы 10 823 707 427,56 10 278 Шымкентқаласы 3 076 428 781,12 3 902 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) количество переводов Барлығы 91 931 522 402,00 56 956 Ақмола облысы 1 832 771 887,08 1 414 Ақтөбе облысы 4 294 913 293,91 3 025 Алматы облысы 27 664 930,76 061 Атырауоблысы 4 328 959 177,31 2 410 Шығыс Қазақстан облысы 2 511 877 675,44 1 685 Жамбылоблысы 2 104 796 055,23 1 798 Батыс Қазақстан облысы 3 000 693 685,11 1 902 Қарағанды облысы 7 147 355 461,33 4 722 Қостанай облысы 3 128 383 687,11 2 279 Қызылорда облысы 1 859 242 703,51 1 430 Маңғыстау облысы 4 550 479 005,45 2 621 Ұлытауоблысы 61 280 525,21 058 Абайоблысы 1 342 445 552,78 1 201 Жетісуоблысы 1 451 475 574,53 1 186 Павлодароблысы 3 793 095 242,35 2 636 Солтүстік Қазақстан облысы 1 304 216 236,38 972 Түркістан облысы 2 278 055 124,56 1 806 Алматықаласы 27 419 578 835,28 14 327 Астанақаласы 15 735 002 693,16 8 680 Шымкентқаласы 3 759 235 055,51 2 743 Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бермес бұрын салымшы басқару шарттары мен инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін мұқият зерделегені жөн. Өйткені бұл таңдау қаражаттың қалай инвестицияланатынына және оны орналастыру барысында қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екеніне тікелей әсер етеді.Ең алдымен, ИПБ-ның инвестициялық декларациясымен танысу қажет. Бұл құжатта инвестициялаудың мақсаттары мен тәсілдері, сондай-ақ активтердің құрамына қатысты шектеулер көрсетіледі. Сонымен қатар басқарушы компания алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін және оның қандай қаржы құралдарын пайдаланатынын анықтап алған маңызды. Әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударған жөн. Өткен кезеңдердің нәтижелері инвестициялық портфель жұмысының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Алайда бұрын қол жеткізілген кірістілік болашақта да дәл сондай табыс алынатынына кепілдік бермейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ тәуекел деңгейін назардан тыс қалдырмаған дұрыс: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өзгеруі мүмкін. Басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру шарттары туралы толық ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан алуға болады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша invest.enpf.kz порталының бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 82 мыңға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы қыркүйек айында, яғни салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейген кезеңде тіркелген. Аталған цифрлық платформаны пайдалану арқылы әрбір салымшы басқарушы компаниялардың инвестициялық стратегияларын өз мақсаттарымен, қаржылық күтулерімен және инвестициялық тәуекелдерге дайындық деңгейімен салыстырып, жан-жақты сараланған шешім қабылдай алады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Оған сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Одақ елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақтаған еңбек өтілі үшін ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындайды. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. Еңбек шартын жасасудың қажеттілігі туралы ЕАЭО елдерінің аумағында жұмыс күшінің еркін қозғалысы–Одақтың негізгі артықшылықтарының бірі. Оған мүше мемлекеттердің азаматтары басқа ЕАЭО елдерінің аумағында еңбек қызметін жұмыс істеуге рұқсат немесе патент алмай-ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, өзге мүше мемлекетте жұмыс істейтін ЕАЭО азаматы жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен бірдей еңбек кепілдіктерін пайдалануға құқылы. Алайда жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу талап етілмегенімен, бұл еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдемеуге болады дегенді білдірмейді. Азаматтың өз құқықтарын толық іске асыруы үшін еңбек қатынастарын растайтын құжаттары болуы шарт. Мұндай негізгі құжаттарға жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты немесе қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жатады. Ауызша келісімдер жұмыскердің құқықтарын жеткілікті деңгейде қорғай алмайды. Мәселен, жұмыс беруші еңбек жағдайларын өзгертіп, жалақы төлеуді кешіктіруі немесе азаматтың еңбек шарты негізінде жұмыс істемей, тек бір реттік тапсырмаларды орындаумен шектелгенін алға тартуы мүмкін. Ал жазбаша жасалған шарт жұмыс берушінің кім екенін, азаматтың қандай жұмыс атқарғанын, оған қанша мөлшерде ақы төленуге тиіс болғанын және тараптардың өздеріне қандай міндеттемелер алғанын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс берушілер жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сол елдің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын аударуға міндетті болады. Бұл ретте жұмыскерге еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін алдын ала нақтылап алған жөн. Өйткені әр елде шарт жасасу қағидалары, оның нысаны және мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Келісімнің Қазақстанда іске асырылуы Қазақстан Республикасында Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қалыптастырылған зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлік жасқа толуы немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне қолданылады. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында белгілі бір уақыт (мысалы, 3-5 жыл) еңбек қызметін жүзеге асырса, сол елдің зейнетақы заңнамасында көзделген талаптарға (зейнеткерлік жасқа толу, қажетті еңбек өтілінің болуы) сәйкес зейнетақы алу құқығы туындаған кезде, оған аталған мемлекетте жинақтаған еңбек өтілі үшін сол ел зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттарымен бірге өтінішті ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға беруге құқылы. Еңбекшіге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Құзыретті органдар Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар қатарына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жатады. БЖЗҚ цифрлық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі туралы деректер негізінде 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Сонымен қатар, БЖЗҚ Келісім шеңберінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады: ·еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін құжаттарды қабылдау; ·құжаттарды қарау және зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау; ·ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары тағайындаған зейнетақы төлемдерін жеткізуді қамтамасыз ету. Толық ақпаратпен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады. 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Келісімнің іске асырылуы бойынша сандық көрсеткіштер Келісім қолданыста болған кезеңде (01.01.2021ж. бастап 30.09.2026ж. дейін): ·БЖЗҚ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 378 азаматына зейнетақы төлемдерін тағайындады. Оның ішінде: ЕАЭО-ға мүше мемлекет Төлем түрі Алушылар (еңбекшілер) саны Армения Республикасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 11 Беларусь Республикасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 22 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 4 ҚырғызРеспубликасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 4 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 5 Ресей Федерациясы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 306 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 26 ·ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстанның 39 азаматына сақтандыру зейнетақыларын тағайындады. Оның ішінде: ЕАЭО-ға мүше мемлекет Зейнетақы түрі Алушылар (еңбекшілер) саны Қырғыз Республикасы Жасына байланысты 3 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 3 Ресей Федерациясы Қарттық бойынша 31 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 1 Мүгедектігі бойынша 1 Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, іске асыра алады. Бұл – Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында (2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 40,3 млн қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш Қормен өзара іс-қимыл жасаудың цифрлық және тікелей қызмет көрсету арналарына сұраныстың қаншалықты жоғары екенін айқын көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,7 миллионы электрондық форматта, 11,8 миллионы автоматты режимде жүзеге асырылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,6%-ын құрады. Тікелей қызмет көрсету форматында 576,0 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 562,2 мыңы Қор кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды төлеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары (НЖШ) ашылады. Есепті кезеңде зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударған міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алуға арналған шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ), сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды алушыларға тиесілі қаражатты есепке алу және төлеу үшін ашылатын нысаналы жинақтау шоттарының (НЖШ) жалпы саны 1,3 млн бірліктен асты. Бұрынғыдай ең сұранысқа ие қызмет – ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ-дан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері шоттардың барлық түрлері бойынша 28,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 25,8 миллионы электрондық форматта, ал 2,5 миллионы автоматты режимде ұсынылды. БЖЗҚ шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алу зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы, сенімді әрі жедел тәсілі екенін еске салады. Сервис тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді. Бұл әлемнің кез келген нүктесінен, кез келген уақытта өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шоттардың жай-күйі туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы мен ресми сайтындағы жеке кабинетте ғана емес, egov.kz порталы немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформалар арқылы пайдалануды қалайтын азаматтарға қосымша қолайлылық туғызады. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап үзінді көшірмелерді пошта арқылы жыл сайын автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын атап өтеді. Дегенмен, тиісті сұранысты БЖЗҚ мекенжайына жолдау арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталған. Салымшылар (алушылар) Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алудан бөлек, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттарының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе елу жасқа толуына орай ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем алуға берілген өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін болжамды түрде есептеу және басқа да қызметтерді пайдалана алады. Өткен кезеңде салымшылардан зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы 142,3 мың өтініш қабылданды. Олардың басым бөлігі электрондық форматта берілді. БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіріп, инвестициялық қызмет туралы мәліметтерді жүйелі түрде ұсынуды қамтамасыз ететінін еске салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде зейнетақы жинақтары жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (өлшемшарттары), негізгі ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, олардың реттеушілік талаптарды сақтауы жөніндегі деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қолжетімді. Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге қатысты 87,1 мың өтініш қабылданды. Оның 81,2 мыңы Қор кеңселерінде рәсімделді. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгінген салымшылар, әдетте, жинақтарын қалыптастыру мәселелері жөнінде қосымша кеңестер мен ұсынымдар да алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары негізінде жарияланған материалдар саны 29,8 мыңға жетті. Кері байланыс арналары (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес беру, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары) арқылы салымшылар мен алушылардан келіп түскен өтініштердің саны – 310,5 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өз кеңсесінде көшпелі таныстырылым мен кеңес беру шараларын өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты, мобильді қосымшасы, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы хабарласу жеткілікті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістің жалпы көлемі 14,30 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерін ескергенде, зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі – шамамен 40%. Ұзақ мерзімді инвестициялаудың маңыздылығын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүкіл жұмыс кезеңіндегі нәтижелері де айқын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік 1 090,84%-ды құраса, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 1 014,83% болды. Бұл көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелерін ұзақ мерзімді кезең тұрғысынан бағалаудың маңыздылығын растайды. Зейнетақы жинақтары ондаған жылдар бойы қалыптасады. Осы уақыт аралығында түсіп отыратын зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал алынған кіріс салымшылардың зейнетақы капиталын ұлғайтып қана қоймай, одан әрі инвестициялауға қатысады. Инвестициялық кірістілік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Инвестициялау нәтижелері бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы түсімдеріне, олардың нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуына тәуелді. Жекелеген кезеңдерде нарықтық және валюталық қайта бағалау инвестициялаудың жалпы нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ауытқулар қаржы нарығына тән құбылыс болғандықтан, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін ұзақ мерзімді кезеңдегі нәтижелер негізінде бағалаған жөн. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша 139,39 млрд теңгені құрады. Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды. Қазір не өзгерді? 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді? Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық портал туралы Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды. Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді. Инвестициялық портал пайдаланушылары: ·инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады; ·басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады; ·инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады; ·инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады. Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді. Статистика не дейді? Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті. 01.01.2026ж. бастап 06.09. 2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 15 910 36,0% 2 582,68 3,7% 500 000 -1 000 000 5 443 12,3% 3 827,41 5,5% 1 000 000 -3 000 000 13 716 31,1% 26 591,73 38,5% 3 000 000 -5 000 000 8 085 18,3% 29 434,35 42,6% 5 000 000 -10 000 000 946 2,1% 5 717,96 8,3% 10 000 000 -2 0 000 000 59 0,13% 734,22 1,1% 20 000 000 -50 000 000 8 0,02% 257,22 0,4% свыше 50 000 000 – – – – ЖИЫНТЫҒЫ 44 167 69 145,57 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 7 325 22,3% 1 210,96 1,3% 500 000 -1 000 000 3 425 10,4% 2 357,91 2,6% 1 000 000 -3 000 000 9 409 28,6% 17 175,42 18,6% 3 000 000 -5 000 000 6 375 19,4% 23 974,97 26,0% 5 000 000 -10 000 000 5 712 17,4% 38 356,27 41,6% 10 000 000 -20 000 000 621 1,9% 7 475,87 8,1% 20 000 000 -50 000 000 51 0,15% 1 391,67 1,5% свыше 50 000 000 3 0,01% 214,37 0,2% ЖИЫНТЫҒЫ 32 921 92 157,45 Жасына қарай топтар бөлінісінде осы кезеңдердегі стаитстика төмендегідей сипатқа ие: 01.01.2026ж.бастап06.09.2026ж. дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 24,0% 10,5% 397 30–39жас 40,2% 40,9% 922 40–49жас 24,8% 32,5% 1 188 50–59жас 10,6% 15,4% 1 318 60жас және одан үлкен 0,5% 0,6% 1 118 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж.дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 22,1% 9,1% 676 30–39жас 38,0% 37,6% 1 631 40–49жас 27,5% 35,2% 2 113 50–59жас 11,8% 17,1% 2 380 60жас және одан үлкен 0,6% 1,1% 2 975 Келтірілген деректерден көріп отырғанымыздай, ең жоғары белсенділікті 30–39 жас аралығындағы салымшылар танытып отыр. Барлық аударымдардың шамамен 40%-ы және аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 40%-ы осы жас тобындағы азаматтарға тиесілі. Олардың белсенділігі осы кезеңге қарай зейнетақы шоттарында қомақты қаражаттың жинақталуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар зейнетке шығуға әлі жеткілікті уақыт бар болғандықтан, салымшылар өздерінің инвестициялау мерзімі мен тәуекелге деген көзқарасына сәйкес инвестициялық стратегияны таңдап, қажет болған жағдайда оны өзгерте алады. Еске саламыз, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешімді әр салымшы өз бетінше қабылдайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қаражатты басқару шарттарын, инвестициялық портфельдің құрылымын, комиссиялық сыйақы мөлшерін және әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерін мұқият зерделеген жөн. Бұл ретте өткен кезеңдердегі инвестициялық нәтижелер болашақта дәл сондай кірістілікке қол жеткізуге кепілдік бермейтінін, ал инвестициялардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін ескеру маңызды. Салымшылар өзекті деректер мен барлық қажетті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан кез келген уақытта таба алады. Бүгінде бұл портал көптеген салымшыға зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін жан-жақты түсінуге және жинақталған қаражатын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына беру жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектесті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағызейнетақы активтерінің жалпы көлемі28 267,61млрд теңгеніқұрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1]құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері151,28млрд теңгеніқұрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыжәне инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойыншапортфель құрылымытуралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11млрд теңге. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%,РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%,шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталардаұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар– 5,62%,активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2]сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%,ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%,Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%,РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%,ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойыншаinvest.enpf.kzбірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1]зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды