Бүгін Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің төрағалығымен Заң мен тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа облыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшесі, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Нұрбол Мендыханов ZOOM платформасы арқылы қатысты. Сонымен қатар аудан прокуроры Алмас Меңлібаев, комиссия мүшелері, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және осы бағытта жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









