Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімі Мұрат Сердалин сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Өз құттықтауында аудан басшысы ұлттық валютамыз – теңгенің еліміздің экономикалық дербестігі мен тәуелсіздігінің айқын нышаны екенін атап өтті. Сонымен қатар, биыл қабылданған Халықтық Ата Заңда теңгенің Қазақстан Республикасының дербес ұлттық валютасы екені және оны айналымға шығару құқығы тек мемлекетке тиесілі екендігі конституциялық деңгейде бекітілгенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ қаржы саласының ел экономикасының тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудегі маңызына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегіне жоғары баға берді.
Мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының, облыстық қаржы басқармасы басшысының, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Сала ардагерлері мен қызметкерлеріне адал еңбектері мен кәсіби біліктіліктері үшін алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және толағай жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









