БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

    1 / 6

    2026 жылғы 12 қараша күні аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері, сондай-ақ тәуекел тобындағы отбасыларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері бірлесіп рейдтік профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу.

    Рейд барысында балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшелерде жүруіне, сауда үйлерінде, кафелерде, ойын-сауық орындары мен мейрамханаларда қараусыз болуына бақылау жүргізілді.

    Сонымен қатар, рейдтік топ тәуекел тобындағы отбасылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Отбасылармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және түнгі уақытта бақылаусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары