2026 жылғы «14» қарашада терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабы Сауран ауданы, Еңбекшідихан ауылында орналасқан ескі әуежай жағдайында жоспарлы түрде терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнаулы органдардың күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою міндеттерін орындауға дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу өтетін аймақта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеу шараларын енгізу көзделген.
Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









