ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ДЕЙІНГІ МІНДЕТТЕРДІ НАҚТЫЛАДЫ

    1 / 18
    Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте 2026 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен рейтингтік индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.
    Күн тәртібінде кәсіпкерлік және туризм, мемлекеттік кірістер және полиция басқармаларының жұмысы сараланды.
    Кәсіпкерлік және туризм бағыты бойынша көтерме сауда көлемі 78,3 млрд теңгені құраса, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 263,5 млрд теңгеге жетті.
    Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері жергілікті бюджетке 37,9 млрд теңге түсім түскен. Оның ішінде қалалық бюджет түсімдері 24,8 млрд теңгені құрады.
    Мәжілісте қоғамдық қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қала әкімі полиция басқармасына құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарын күшейтуді, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруды және қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.
    Әзімбек Пазылбекұлы жауапты басшыларға жыл соңына дейін барлық индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Әр бағыт бойынша нақты шаралар қабылдап, жұмыстың нәтижесіне басымдық беру қажеттігін атап өтті.
    Сонымен қатар жыл қорытындысында бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған мекеме басшыларының атқарып отырған қызметіне сәйкестігі қаралатынын ескертті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары