КҮЗГІ МАУСЫМДА 216 МЫҢ ТҮП АҒАШ ЕГІЛЕДІ

    1 / 20
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында күзгі абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
    Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, шаһардың климаттық ерекшеліктері ескеріліп, ыстыққа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынған.
    Биыл күзгі маусымда қала аумағында 216 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін оның 70 мың түбі егілді. Қараша айының соңына дейін жұмыстарды толық аяқтау көзделіп отыр.
    Сонымен қатар, жасыл желектерді қысқы маусымға дайындау мақсатында ағаштарға профилактикалық дәрілеу жүргізіліп, түптері қопсытылуда. Ағаш діңдері әктеліп, түскен жапырақтар жиналуда.
    Бұдан бөлек, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар тазартылып, аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары атқарылуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары