Елорда құтқарушылары жұқа мұздың қауіпті екенін ескертті

    1 / 3

    Елорда су айдындарында мұз қату кезеңі басталды. Бұл уақытта мұздың қалыңдығы біркелкі болмайды. Сондықтан су айдындарына шығу, әсіресе жұқа мұз үстімен жүру адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты елорда құтқарушылары тұрғындар мен балық аулаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Құтқарушылар мұздың бастапқы қату кезеңіндегі қауіптілігін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертуде. Сонымен қатар су айдындарының маңына «Мұзға шығуға болмайды» деген ескерту белгілері орнатылуда.

    Құтқарушылар тұрғындарды мұз толық қатпайынша су айдындарына шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

    Жұқа мұз – өмірге қауіп!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары