Кейіпкер: Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Шаматов Құтжан Ерғазыұлы.
Полиция қызметкерінің бір күні таңғы сағат 07:30-да басталады. Оның алғашқы міндеті – мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Инспектор жаяу жүргіншілер өткелінде оқушылардың қозғалысын бақылап, әр баланың мектепке қауіпсіз жетуіне назар аударады.
Одан кейін мектеп әкімшілігімен кездесіп, білім беру ұйымындағы тәртіп пен жасөспірімдер арасындағы ахуалды талқылайды. Күнделікті қызметтік жиналыста басшылықтың тапсырмаларын алып, алдағы жұмыс жоспарын нақтылайды.
Күн бойы инспектор білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер өткізіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Балаларға заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, олардың мәселелерін тыңдап, қажетті бағыт-бағдар береді.
Ерекше назар профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерге аударылады. Инспектор олармен және ата-аналарымен жеке кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасындағы жауапкершілік пен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы әңгімелеседі.
Кешкі уақытта рейдтік-профилактикалық іс-шараларға қатысып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қадағалайды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жүргізеді.
Қызметтен тыс уақытта да тәртіп пен тәрбиеге мән беретін полицей дене шынықтырумен айналысып, физикалық дайындығын шыңдайды.
Ювеналды полиция – тек құқық бұзушылықтың алдын алу емес, әр баланың қауіпсіз болашағына үлес қосу.
Өйткені әрбір жасөспірімнің тағдырына бейжай қарамау – полицейдің кәсіби міндеті әрі азаматтық жауапкершілігі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









