Ақтауда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

    23 қазан күні сағат 18:54 шамасында Ақтау қаласының 14-шағынауданы маңында полиция қызметкерлері суда көмекке мұқтаж ер адамды байқайды.

    Патрульдік полиция батальоны 4-ротасының 1-взвод инспекторы Исатай Боранбаев жағдайды бірден бағалап, еш кідірместен көмекке ұмтылды.

    Полицейдің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін аман сақтап қалу мүмкін болды.

    Бұл оқиға полиция қызметінің тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейтінін, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған азаматтарға кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын болудың маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    Полиция азаматтарды су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары