Бейнеу ауданынан 165 шақырым қашықтықта орналасқан «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндірістік мекемесінде полиция қызметкерлері жұмысшылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесуге Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Тимур Сүлейменов, Боранқұл кенттік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Бексылан Таңатаров, учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Құралбек Тағабергенов пен полиция капитаны Жанар Оразбаева қатысты.
Жиынға мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері қатарынан 30-ға жуық жұмысшы қатысты.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









