Әрбір істің артында адам тағдыры, қорғалуы тиіс құқық пен әділдікті күткен азаматтардың үміті тұрады. Сондықтан анықтаушының қызметі жоғары жауапкершілікті, кәсібилік пен табандылықты талап етеді.
Бүгінгі кейіпкеріміз – Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Естұр Ерғожа Естұрұлы.
Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 2018 жылы бастаған. Ал 2023 жылдан бері аға анықтаушы лауазымында қызмет атқарып келеді.
Күнделікті жұмысында әрбір деректі мұқият зерделеп, дәлелдемелерді жинақтап, оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға күш салады.
Бұл салада асығыстыққа жол жоқ. Әрбір шешім заңдылыққа, объективтілікке және кәсіби жауапкершілікке негізделуі тиіс.
Өйткені әрбір істің артында – адам тағдыры, ал қабылданған әрбір шешімнің артында үлкен жауапкершілік тұр.
**Заң мен тәртіп жолындағы қызметіңізге табыс пен абырой тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









