Киберқауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

    Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры Ә. Шахидинов №2 жалпы білім беретін мектеп пен №13 мектеп-гимназиясының оқушыларымен киберқауіпсіздік тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

    Кездесу барысында интернет желісіндегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілерді сауатты пайдалану, интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке деректерді қорғау және бейтаныс адамдармен онлайн қарым-қатынас жасаудың ықтимал қауіптері түсіндірілді.

    Сонымен қатар оқушыларға күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және интернеттегі әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

    Қауіпсіз интернет – қауіпсіз болашақтың кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары