Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес ауысымдық тәртіппен қызмет атқарады.
Бейнеролик кейіпкері:
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Жарылғасов Наурызбек Көлбайұлы.
Патрульдік полиция қызметкерінің жұмыс күні таңғы сағат 08:30-да басталады. Қызметкерлер бөлімге келіп, өздеріне бекітілген қызметтік жабдықтар мен табельдік қаруларын қабылдайды. Одан кейін саптық жиында басшылықтың тапсырмалары мен нұсқаулықтарын тыңдап, қызметтік міндеттерін орындауға кіріседі.
Қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бағытында жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері мен шақыртуларына жедел әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге атсалысады.
Бұл – күн сайын көзге көріне бермейтін, алайда үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Әрбір шақырту, әрбір кезекшілік – азаматтардың қауіпсіздігі үшін атқарылатын маңызды міндет.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың тыныштығын қорғау.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









