Кішкентай қонақтар полиция қызметімен танысты

    1 / 2

    «Заң мен тәртіп» қағидасы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтау қаласындағы №10 «Толқын» бөбекжайының тәрбиеленушілері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына арнайы қонаққа барды.

    Кездесу барысында бүлдіршіндер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Полиция қызметкерлері оларға күнделікті қызметтің ерекшеліктері, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы әңгімеледі.

    Балалардың ерекше қызығушылығын қызметтік автокөліктер тудырды. Полицейлер олардың атқаратын қызметі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын түсіндірді.

    Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жол жүрісі қауіпсіздігі туралы білімін кеңейту, полиция қызметімен таныстыру және ерте жастан қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

    Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Осы ретте өскелең ұрпаққа жол жүру ережелерін ерте жастан үйретіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда ата-аналар мен тәрбиешілердің рөлі ерекше.

    Маңғыстау облысының полициясы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары