«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»: оқушылармен профилактикалық кездесу өткізілді

    Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция майоры Н. Тәжибаева «Маңғыстау-5» тұрғын алабындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 9–10-сынып оқушы қыздарымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында қыз балалардың тәрбиесі, әдептілік пен инабаттылық, ұлттық құндылықтарды сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігі мәселелері кеңінен талқыланды.

    Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді.

    Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және ұлттық тәрбиені насихаттау.

    Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, ұлт болашағының кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары