Ұлы дала мұрасы: ШҚО-ның жас полицейлері ел тарихымен танысты
Оралхан Бөкей атындағы Орталық кітапханада жас полиция қызметкерлеріне арналған «Ұлы дала ұлылары» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Кітапхана бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Торғаев қатысушыларға көрнекті тұлғалардың ел тарихына, мәдениетіне және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Кездесу барысында полицейлер өткен тарихтың маңызды кезеңдерімен танысып, ұлттық тарихымызда есімі қалған ұлы тұлғалар мен олардың мұрасы туралы тың мәліметтер алды. Танымдық әңгімені толықтырған тақырыптық фильм де көрсетілді.
Өз тарихын білу – бүгінгі күнді терең түсінуге, ұлттық дәстүрлердің қадірін ұғынуға және еліміздің қалыптасуына үлес қосқан ұрпақтармен рухани сабақтастықты сезінуге мүмкіндік береді.
Мұндай кездесулер патриоттық құндылықтарды нығайтуға, жас қызметкерлердің ой-өрісін кеңейтуге және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыруға бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









