Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті

    Департамент туралы

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс аумағындағы ішкі істер органдары мен бөлімшелеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

    Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ҚР ІІМ 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі-бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды. Мақсаты – қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау. Жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен (2026 жылдың 19 тамызынан) бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Шығыс Қазақстан облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басақармасына үлгіге сәйкес баянат және «Құжаттамашы» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді. Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді: 1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ҚР ІІМ 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы). ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары: -ПД апаратына С-SVO-5 санаты; -ПД аппаратына бағынышты бөлімшелерге С-SVO-6 санаты; -қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне С-SVR-8 санаты; -патрульдік полицияның саптық бөлімшелеріне C-SSP-5 санаты; -арнайы мақсаттағы бөлімшелерге C-SN-4 санаты. 2) қолданыста тәртіптік жазалары бар; 3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілгенде. Сұрақтар туындағын жағдайда ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады. Каб. №504, анықтама телефондары 8 (7232) 23-23-44-31, 8 (7232) 23-43-27.

    Жарияланды: