Қызметкерлер — Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    7
    Омарбеков Ерлан Болатұлы
    Бастық

    Омарбеков Ерлан Болатұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы

    Арнайы атағы – полиция генерал-майоры. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2001 жылы – Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2025 жылы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған. Мемлекеттік II дәрежелі "Айбын" (2019), II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен (2025) марапатталған.

    Нұрсейітов Болат Ерденұлы
    Басшының бірінші орынбасары

    Нұрсейітов Болат Ерденұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ заң институтын, 2003 жылы – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясын тәмамдаған.

    Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылЭкстремизмге қарсы іс-қимылЖедел-криминалистикалық қызметКриминалдық полиция
    Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы
    Басшының орынбасары

    Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 2000 жылы ҚР ІІМ Семей заң колледжін, 2008 жылы – Қазақстан-Америкалық еркін университетін тәмамдаған.

    Жедел-криминалистикалық қызметТергеу және анықтау
    Тауфиков Рифхат Шафихұлы
    Басшының орынбасары

    Тауфиков Рифхат Шафихұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 2004 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2014 жылы – Қазақстан-Америкалық еркін университетін, 2024 жылы – Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясын тәмамдаған.

    Әкімшілік полицияКөші-қон қызметіЖергілікті полиция қызметіКүзет қызметі
    Манапов Серік Тоқтарқанұлы
    Басшының орынбасары

    Манапов Серік Тоқтарқанұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.

    Жеке құраммен жұмыс
    Қажымқанов Руфат Қажымқанұлы
    Басшының орынбасары

    Қажымқанов Руфат Қажымқанұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясын, 2026 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.

    Қарсақбаев Эльдар Ерғалиұлы
    Басшының орынбасары

    Қарсақбаев Эльдар Ерғалиұлы

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы – полиция полковнигі. 2004 жылы Шығыс гуманитарлық институтын, 2008 жылы – Қарағанды қаласының Қазақша-орысша мемлекеттік университетін тәмамдаған.

    Басқа қызметкерлер

    10
    Ботаханов Айдын Серікқалиұлы
    Бастық

    Ботаханов Айдын Серікқалиұлы

    Өскемен қ. Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі

    Специальное звание - полковник полиции В 1997 году окончил Семипалатинский юридический колледж МВД РК. В 2007 году окончил Центрально-Азиатский университет.

    Камалханов Дархан Елтайұлы
    Бастық

    Камалханов Дархан Елтайұлы

    Үлкен-Нарын ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

    Камалханов Дархан Елтайұлы ШҚО, Күршім ауданының тумасы. Ішкі Істер органдарындағы қызметін 2006 жылы полицияның жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Қызметтік жолында криминалициялық бөлімшесінде еңбек еткен. Әр жылдары ШҚО ПД Өскемен қаласы Полиция басқармасының Үлбі полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, ШҚО ПД Өскемен қаласы Полиция басқармасының Үлбі полиция бөлімінің бастығының орынбасары және ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2026 жылдың ақпан айынан бастап ШҚО ПД Үлкен Нарын АПБ бастығы лауазымына тағайындалды.

    Толықпаев Саят Құрманғазыұлы
    Бастық

    Толықпаев Саят Құрманғазыұлы

    Күршім ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі

    Толықпаев Саят Құрманғазыұлы ішкі істер органдарында 2006 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының тумасы. Еңбек жолын Глубокое ауданы ішкі істер бөлімінің криминалдық полициясының тергеу тобының жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Негізінен криминалдық полиция бөлімшелерінде қызмет атқарған. Тағайындалғанға дейін Үлкен-Нарын ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2026 жылғы ақпан айынан бастап ШҚО ПД Күршім ауданы полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

    Сарипов Ерік Берікұлы
    Бастық

    Сарипов Ерік Берікұлы

    Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры

    Сарипов Ерік Берікұлы ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Еңбек жолын патрульдік полиция батальонының кинологиялық қызмет бөлімшесінде полиция кинологы ретінде бастаған. Кейіннен негізінен криминалдық полиция бөлімшелерінде жедел уәкіл лауазымында қызмет еткен. Әр жылдары Үржар ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған. Тағайындалғанға дейін Тарбағатай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2026 жылдың ақпан айында Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.