
Тауфиков Рифхат Шафихұлы
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2004 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2014 жылы – Қазақстан-Америкалық еркін университетін, 2024 жылы – Ресей Федерациясы ІІМ басқару академиясын тәмамдаған.
Құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері жұмыс істейді.
Еңбек жолын ШҚО ІІД Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы ретінде бастаған.
Қызмет еткен жылдары әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы, ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап – Абай облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы.
2023 жылдың тамыз айынан – Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.





