ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

    ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

    20–22 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Осы күндері полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтеді. Патрульдік жасақтар көшелер мен саябақтарды, сондай-ақ басқа да қоғамдық орындарды аралап, профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексереді.

    Сонымен қатар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауына, сондай-ақ тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдау деректерінің алдын алуға ерекше назар аударылады.

    Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге жол бермеу.

    Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналада болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық немесе күдік тудыратын жағдай байқалған жағдайда, «102» нөміріне хабарласыңыз.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары