СҚО полицейлері студенттерге қызметтегі мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып берді

    1 / 11

    Полицейлер Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде заң мамандықтарының бітіруші курс студенттерімен кездесті.

    Болашақ түлектерді қызметтің қандай атақтан басталатыны, полицейлердің білімін одан әрі жетілдіру мүмкіндіктері және жалақы мөлшері қызықтырды.

    Полиция қызметкерлері Заң мен тәртіп сақшыларына жасалған қызметтік жағдайлар мен қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер туралы айтып, ниет білдіргендерге жан-жақты кеңес берді. Полицияда қызмет етуді көздеген студенттердің байланыс деректері жазып алынды.

    Полицейлер бос жұмыс орындарымен танысып, онлайн режимде өтініш беруге болатынын атап өтті. Ол үшін QR-кодты сканерлеп, qyzmet-police.kz платформасында тіркелу жеткілікті. Сервис үміткердің білімін ескере отырып, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын автоматты түрде ұсынады.

    Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінен немесе Петропавл қаласы, Алматы көшесі, 55 мекенжайында орналасқан СҚО ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасынан кеңес алып, қызметке қабылдау шарттарымен танысуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7152) 612-612, 61-26-57.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары