Терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

    Қазіргі таңда, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизмнің алдын алу – өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жастар мен тұрғындардың діни экстремизм және терроризмнің зардаптары туралы түсінігін арттыру маңызды міндет болып табылады.

    Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, Ордабасы ауданы «Исламқұлов», «Б.Нұрлыбеков» атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына, ұжымдарына және «Ұялыжар» ауылы мәдениет үйінінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы семинарлар өткізілді.

    Семинарларда ең алдымен терроризм, экстремизм туралы мәліметтер ұсынылып, олардың қорқыныш пен үрей туғызуға бағытталғандығына тоқталды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді.

    Атап айтқанда, қатысушыларға:

    - терроризм мен экстремизмнің түрлері, қоғамға төндіретін қауіптері;

    - жастарды радикалды идеологиялардан қорғау жолдары;

    - әлеуметтік желілердегі және интернет кеңістігіндегі арандатушылық және жалған ақпараттардан сақтану;

    - күмәнді заттар мен оқиғалар туралы дереу мектеп, мәдениет үйінің басшылығына хабарлау қажеттілігі жеткізілді.

    Сонымен бірге, семинарлар барысында радикалды идеяларды насихаттаушы уағызшылар, әлеуметтік парақшалар мен бейнематериалдар туралы түсінік берілді.

    Кездесулерде оқушылар мен балалардың теріс контенттерді тыңдап, шетелдік күмәнді діни оқу орындарына шығуының алдын алу қажеттігін жеткізіп, еліміздің алдыңғы орындардағы білім ордалары туралы сөз қозғалды.

    Семинарлар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары