Терроризмге қарсы алгоритмдер түсіндірілді

    Кентау, Арыс және Сауран аудан, қалалық орталық кітапхана қызметкерлеріне терроризмге қарсы алгоритм талаптарын түсіндіру бойынша жиналыстар өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – білім беру және кітапхана ордаларында экстремизм мен терроризм қаупінің алдын алу, террористік қауіп туындаған кезде атқарылатын алгоритм талаптарын түсіндіру болып табылады.

    Іс-шарада террористік қауіптің түрлері, жасалу жолдары, тәсілдері мен құралдары туралы түсінік берді.

    Барлық террористік қауіпке қарсы әрекет ету алгоритмдерінің өзіндік ерешеліктері түсіндіріліп, талқыланды.

    Террористік қауіп туындаған кезде үрейге бой алдырмай, ең алдымен мекеме басшылығына және әрі қарай жауапты органдарға хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

    Осы ретте, ҰҚК Түркістан облысы бойныша департаментімен арнайы дайындалған және әрекет ету алгоритмдері нақты көрсетілген бейнематериалдар көрсетіліп, әрі қарай ұжым арасында тарату үшін ұсынылды.

    Сонымен бірге, әрбір азаматтың қырағылығы, жауапкершілігі және төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білуі адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

    Кездесу қорытындысымен тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.

    Іс-шараға 100-ге жуық қызметкерлер мен оқырмандар қатысты.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары