21–22 қараша күндері Астанада ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – «Соғым-FEST» өтуде. Іс-шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Жәрмеңке 20 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумына орайластырылған.
Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және еліміздің басқа да облыстарындағы фермерлік шаруашылықтар өз өнімдерін ұсынуда. Келушілерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті қолжетімді.
«Соғым-FEST» жәрмеңкесінің басты ерекшелігі – өнімдерді өндірушілердің тікелей сату форматы. Бұл қосымша делдалдарды болдырмауға, фермерлердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және елорда тұрғындарының сапалы отандық өнімдерге тікелей қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жәрмеңке өңірлік өнімдерді ілгерілетуге, отандық мал өсірушілерді қолдауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға арналған қосымша алаңға айналды.
Сауда 22 қараша күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Астананың төрт алаңында қатар жалғасады:
«Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б.
Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.
«Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1.
Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.
«Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
Автобус бағыттары: № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73.
«Era Bazary» – Қорғалжын тасжолы, 96.
Автобус бағыттары: № 45, 66, 305, 312, 35, 62, 36.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









