Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Министерство осуществляет руководство, межотраслевую координацию разработки и реализации государственной политики в сфере сельского, лесного, рыбного и охотничьего хозяйства, особо охраняемых природных территорий, управления водными ресурсами, ресурсами растительного и животного мира республики, в области сельскохозяйственного машиностроения, ветеринарии, фитосанитарии, племенного животноводства, мелиорации, ирригации и дренажа, обрабатывающей промышленности в части производства пищевых продуктов, включая напитки, табачных изделий, кожи (дубление и отделка), хлопка - волокна и переработки шерсти, зернового рынка, координацию и регулирование деятельности его участников, управление государственными ресурсами зерна, а также контроль за ее осуществлением.

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне кіретін қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен кездеседі

    2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Ақмола облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді. Күн тәртібіндегі тақырып: «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар». Кездесу сағат 11:00-де Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 88 мекенжайында орналасқан Ақмола облысының әкімдігі ғимаратында өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7172) 555-765 — Асия Нұрпейісова. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды [email protected] электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    г. Кокшетау, улица Абая, 88, здание акимата Акмолинской области
    ОтырысАяқталды

    Балық шаруашылығындағы жетістіктер және одан әрі дамытудың басым бағыттары

    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы Уақыты : 09.07.2026 – 11.30 Тақырыбы : «Балық шаруашылығындағы жетістіктер және одан әрі дамытудың басым бағыттары» Спикер : ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы. Көрсетілім сілтемелері : https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    РГУ «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК
    ОтырысАяқталды

    «FOC 2026» халықаралық конференциясында май өнімдері нарығы мен агроөнеркәсіп кешенінің негізгі басымдықтарына назар аударылады

    Астанада 5 маусым күні «FOC 2026: Fats and Oils Conference» атты бесінші мерейтойлық халықаралық май өнімдері конференциясы өтеді. Іс-шараға қатысатын 330-дан астам делегат нарықтағы негізгі үрдістерді, жүйелі сын-қатерлерді, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені мен халықаралық сауда дамуындағы басымлықтарды ортаға салады. Ұйымдастырушы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының қолдауымен «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Конференцияға еліміздегі 50-ден астам май өңдеу зауытының басшылары, салалық министрліктердің өкілдері, қаржы институттары, ірі агрохолдингтер, логистикалық компаниялар мен талдау агенттіктері, сондай-ақ майлы дақылдарды сақтау және өңдеу жабдықтарын жеткізушілер мен өнім импорттаушылары қатысады. Қатысушылар ауқымы сондай-ақ АҚШ, Қытай, Еуропа елдері, Балтық мемлекеттері, Таяу Шығыс және Орталық Азияны қоса алғанда, 18 елді қамтиды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда май өнімдерінің өндірісі мен экспорты ең жоғары тарихи нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, өндіріс көлемі 1,57 млн тоннадан асты, экспорттан түскен валюталық түсім 963 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда төрт есе жоғары (240 млн АҚШ доллары). Аталған сала Қазақстан экономикасының өсімі мен шикізаттық емес экспортын дамытудағы негізгі қозғаушы күштің бірі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл сектор елдің қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының валюталық түсімінің 27%-ын қамтамасыз етті. 2025 жылы күнбағыс майын өндіру көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсіп, 752 мың тоннадан асты. Сонымен қатар соңғы төрт жылда (2022–2025 жж.) ішкі нарықтағы аталған өнім импортының орташа үлесі екі есе қысқарып, 18%-ға дейін төмендеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2015–2021 жылдары импорт үлесі шамамен 39%-ды құраған. Қазіргі таңда қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Негізгі сатып алушылар қатарында Қытай, Орталық Азия мемлекеттері, Еуропалық одақ елдері (Германия, Италия, Дания, Польша, Швеция, Норвегия және Балтық елдері), сондай-ақ Ауғанстан мен Иран бар. Былтыр Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі бойынша әлемде 6-орынға, ал Қытай нарығында 2-орынға ие болды. Сонымен қатар республика Өзбекстан мен Тәжікстанға өсімдік майларын жеткіз бағытында көш бастап тұр (нарықтағы үлесі 90%-дан жоғары), Орталық Азияның күнбағыс күнжарасына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді және Еуропалық одаққа жеткізуші жетекші үш елдің қатарына кіреді. Саланың әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы 2026–2028 жылдарға арналған экспортты дамыту жөніндегі Жол картасын әзірледі. Құжат Халықаралық сауда орталығының (ITC) әдістемесі мен техникалық қолдауы негізінде және Еуропалық одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында «QazTrade» ұйымының ұйымдастыруымен дайындалды. Жол картасын іске асыру нәтижесінде 2028 жылға қарай экспорттан түсетін валюталық түсімді 60%-ға көбейтіп, 1,5 млрд АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанның күнбағыс майын жеткізуші әлемдегі жетекші төрт елдің қатарына енуіне мүмкіндік береді. Алдағы стратегиялық мақсат – Қазақстанды күнбағыс майын экспорттайтын әлемнің үздік үш мемлекетінің қатарына қосу.

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    Hilton Astana
    ОтырысАяқталды

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу туралы

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Баспасөз конференциясы Уақыты : 05.03.2026 – 11:30 Тақырыбы : «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу туралы» Спикер : ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тасжүреков Ербол Қуанышұлы. Көрсетілім сілтемелері : https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

    5 наурыз 2026 ж.Тікелей
    РГУ «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК
    ОтырысАяқталды

    Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған форум өтеді

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімділікті арттыруға, қайта өңдеуді дамытуға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Құжат етті мал шаруашылығын жүйелі дамытуға, нарық қатысушылары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге және бәсекеге қабілетті өнімді сыртқы нарықтарға шығару үшін қолайлы жағдай жасауға арналған. Оған қажетті алғышарттар жеткілікті. Біздің еліміз ірі қара малдың көптігі мен негізгі өткізу нарықтарына жедел логистиканы қамтамасыз ететін тиімді географиялық орналасуының арқасында ет өндірісін дамытуда елеулі әлеуетке ие. Оны барынша тиімді пайдалану қайта өңдеуді жетілдіруді, өндіріс тиімділігін арттыруды, заманауи стандарттарды енгізуді және сала қатысушылары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды талап етеді. Бұл мәселеге уәкілетті мемлекеттік органдар баса назар аударып келеді. Осы орайда биыл 14–15 ақпанда өтетін Dala.Camp Forum 2026 аясында осы тақырып жан-жақты талқыланады. Форум «Қазақстанның ет индустриясындағы ірі қара: Болашақтың жол картасы» тақырыбымен өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, агробизнес құрылымдарының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысады. Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Америка Құрама Штаттарынан, Бразилиядан, Еуропа мемлекеттерінен, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Түркиядан 150 делегаттың қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында Жануарлар денсаулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Қазақстан мал өсірушілер одағы, тұқымдық бағыттағы салалық палаталар, Qazaqstan Investment Corporation, iGPS және агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі компаниялар бар. Форумның алғашқы күні Қазақстанның жаһандық ет нарығындағы орны, экспорттық басымдықтар, мемлекеттік қолдау тетіктері, халықаралық ветеринариялық талаптар және инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылады. Келесі күні шаруашылықтардың тиімділігін арттыру, қаржылық модельдеу, цифрландыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басқарушылық құзыреттерін дамыту мәселелері талқыланады. Форум бағдарламасы аясында мал шаруашылығы мен оған жақын салалардағы инвестициялық жобалардың таныстырылым сессиясы болады деп күтілуде.

    14 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Rixos Burabay
    ОтырысАяқталды

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары туралы

    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы Уақыты : 30.01.2026 – 14.30 Тақырыбы : «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары туралы» Спикерлер : ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Теміржанов Мұрат Баритұлы; ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бижанов Дәулет Ерназарұлы; ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Каженов Марат Әбубәкірұлы. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

    30 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    РГУ «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру, бақылау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу түрінде жүзеге асырылады. Анықтама ретінде: Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау бойынша мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторлары 320 шаруашылықты тексеріп, 84 ұсыным берді. Сондай-ақ, Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық палатасына барып профилактикалық бақылау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама берілді. Қазіргі уақытта бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жарты жылдыққа арналған тізімі қалыптастырылды. Тізімге 33 субъект кіргізілді. Тізім Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған.

    ·
    Сұрақ

    Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерін субсидиялау және су үнемдеу суару технологияларын енгізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау функцияларын қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады және тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    2025 жылғы сәуір айынан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау функциясын Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жүзеге асырады. Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы №147-НҚ бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Сонымен қатар, су үнемдеу суару технологияларын енгізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау да Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен жүзеге асырылады. Бұл шара Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы №153-НҚ бұйрығымен бекітілген Су үнемдеу суару технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шеккен шығындардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес іске асырылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыретіне жатады. Осыған байланысты көрсетілген субсидиялау түрлеріне қатысты барлық мәселелер бойынша, оның ішінде субсидия беру тәртібі, қатысу шарттары, осы мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу жөнінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне жүгінуді ұсынамыз.

    ·
    Сұрақ

    «Gosagro.kz» субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - СМАЖ) субсидиялауға өтініш беру кезінде қате енгізілген деректерді түзету үшін электрондық шот-фактуралардың құлпын қалай ашуға болады?

    Жауап

    Қате енгізілген деректерді түзету үшін мемлекеттік қызмет алушылар СМАЖ-де субсидиялауға өтініш беру кезінде электрондық шот-фактуралардың құлпын ашу үшін жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының басшыларына қызмет алушының өтініші бойынша субсидия алмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды құлпын ашу функционалы берілген.

    ·
    Сұрақ

    «Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында несие қаражатын алу үшін қай ұйымға жүгіну қажет?

    Жауап

    Несие өнімдеріне өтінімдерді қабылдау «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалдары және өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы жүзеге асырылады. БАРЛЫҚ ФИЛИАЛДАР ҮШІН БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ - 1408 ФИЛИАЛДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ Абай облысы Мекенжай: Семей қ., Қайым Мұхамедханов к-сі, 23А, "Өрлеу" іскерлік орталығы Телефон: +7 (775) 007-68-25 Ақмола облысы Мекенжайы: Көкшетау қ., Абай к-сі, 96 Телефон: +7 (775) 007-68-18 Ақтөбе облысы Мекенжайы: Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан д-лы, 77 Телефон: +7 (775) 007-68-19 Алматы облысы Мекенжайы: Қонаев қ., Қонаев д-лы, 18Г Телефон: +7 (775) 007-68-24 Алматы қ. Мекенжайы: Алматы қ., Жандосов к-сі, 136 Телефон: +7 (775) 007-68-22 Астана қ. Мекенжайы: Астана қ., Тұран д-лы, 19/1, «Эдем» БО Телефон: +7 (775) 007-68-11 Атырау облысы Мекенжайы: Атырау қ., Қ. Сәтпаев к-сі, 13А Телефон: +7 (775) 007-68-30 Шығыс Қазақстан облысы Мекенжайы: Өскемен қ., Өтепов к-сі, 25/1 Телефон: +7 (775) 007-68-16 Жамбыл облысы Мекенжайы: Тараз қ., Төле би д-лы, 93А Телефон: +7 (701) 006-12-18 Жетісу облысы Мекенжайы: Талдықорған қ., Назарбаев д-лы, 77 ғимарат Телефон: +7 (775) 007-68-23 Батыс Қазақстан облысы Мекенжайы: Орал қ., Мұхит к-сі, 27/2 Телефон: +7 (775) 007-68-27 Қарағанды облысы Мекенжайы: Қарағанды қ., Бұқар жырау д-лы, 53/1 Телефон: +7 (775) 007-68-21 Қостанай облысы Мекенжайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 39 Телефон: +7 (775) 007-68-29 Қызылорда облысы Мекенжайы: Қызылорда қ., Қорқыт Ата к-сі, 123 Телефон: +7 (775) 007-68-26 Маңғыстау облысы Мекенжайы: Ақтау қ., 29-шы шағын аудан, 225 ғимарат Телефон: +7 (775) 007-68-12 Павлодар облысы Мекенжайы: Павлодар қ., Луговая к-сі, 16 Телефон: +7 (775) 007-68-14 Солтүстік Қазақстан облысы Мекенжайы: Петропавл қ., Евгений Брусиловский к-сі, 60А Телефон: +7 (775) 007-68-15 Түркістан облысы Мекенжайы: Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 9-шы к-с, 36А үй Телефон: +7 (775) 007-68-17 Ұлытау облысы Мекенжайы: Жезқазған қ., Ғарышкерлер бульвары, 40А үй Телефон: +7 (775) 007-68-24 Шымкент қ. Мекенжайы: Шымкент қ., Қонаев д-лы, 15/2 үй, Албан БО Телефон: +7 (775) 007-68-13 ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ Абай облысы «Семей» ӘКК» АҚ Мекенжай: 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97. Телефон: +7 (7222) 36-10-11. Ақмола облысы «KOKSHE» ӘКК» АҚ Мекенжай: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 32. Телефон: +7 (7162) 91-16-14. Ақтөбе облысы «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103А. Телефон: +7 (7132) 49-50-77. Алматы облысы «Қонаев» ӘКК» АҚ Мекенжай: Қонаев қаласы, Құрманғазы көшесі, 31. Телефон: +7 (727) 727-97-00. Алматы қаласы «Алматы» ӘКК» АҚ Мекенжай: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303. Телефон: +7 (727) 225-18-91. Астана қаласы «Astana» ӘКК» АҚ Мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 22А. Телефон: +7 (7172) 55-29-92. Атырау облысы «Атырау» ӘКК» АҚ Мекенжай: Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, 23Б. Телефон: +7 (7122) 52-33-93. Шығыс Қазақстан облысы «Ертіс» ӘКК» АҚ Мекенжай: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1. Телефон: +7 (7232) 700-114. Жамбыл облысы «Тараз» ӘКК» АҚ Мекенжай: Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі, 173. Телефон: +7 (7262) 555-075. Жетісу облысы «Жетісу» ӘКК» АҚ Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113. Телефон: +7 (7282) 32-97-20. Батыс Қазақстан облысы «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84. Телефон: +7 (7112) 93-31-49. Қарағанды облысы «Сарыарқа» ӘКК» АҚ Мекенжай: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4. Телефон: +7 (7212) 980-353 (қабылдау бөлмесі). Қостанай облысы «Тобыл» ӘКК» АҚ Мекенжай: Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 103, 2-қабат. Телефон: +7 (7142) 56-82-02. Маңғыстау облысы «Caspiy» ӘКК» АҚ Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9А шағын ауданы, 7/1 ғимарат, «Бизнес Үйі». Телефон: +7 (7292) 29-11-23. Павлодар облысы «Павлодар» ӘКК» АҚ Мекенжай: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 166. Телефон: +7 (7182) 65-03-05. Солтүстік Қазақстан облысы «Солтүстік» ӘКК» АҚ Мекенжай: Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 69. Телефон: +7 (7152) 50-08-30. Түркістан облысы «Түркістан» ӘКК» АҚ Мекенжай: Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көшесі, 20 ғимарат. Телефон: +7 (72533) 5-92-95. Ұлытау облысы «Ұлытау» ӘКК» АҚ Мекенжай: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 23. Телефон: +7 (705) 469-52-98. Шымкент қаласы «Shymkent» ӘКК» АҚ Мекенжай: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байдібек би даңғылы, 126/1, «Қайнар» БО, 1-қабат. Телефон: +7 (7252) 39-20-22.

    ·
    Сұрақ

    Мал шаруашылығындағы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларының шарттары бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жайылымдық мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Жайлау» жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. «Жайлау» бағдарламасы 300 бас ірі қара мал немесе 1000 бас ұсақ мал ұстайтын жаңа мал шаруашылығы кәсіпорындарын құруға бағытталған. Бағдарлама аясындағы қаржыландыру жайылымдық мал шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын нығайтуға, өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға және ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. «Жайлау» бағдарламасының негізгі шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан аспайды; несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін; қаржыландыру сомасы: ірі қара мал шаруашылығы үшін – 350 млн теңгеге дейін; ұсақ мал шаруашылығы үшін – 200 млн теңгеге дейін. Сонымен қатар, «Игілік», «Береке» және «Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламаларының қолданыс аясы кеңейтіліп, олардың мүмкіндіктері мал шаруашылығының басқа да бағыттарына (қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, омарташылық, шошқа шаруашылығы және марал шаруашылығы) таратылды. «Игілік» және «Береке» бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жоғары өнімді асыл тұқымды малмен қамтамасыз етуге арналған жеңілдетілген қаржыландыруды көздейді. Бұл шаралар мал басын көбейтуге, табындардың генетикалық әлеуетін сапалы жаңартуға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Игілік» бағдарламасы: 100-ден 499 басқа дейінгі импорттық ірі қара малды немесе 500-ден 999 басқа дейінгі ұсақ малды сатып алуға; импорттық немесе отандық асыл тұқымды жылқыны, түйені, шошқаны, араны және маралды сатып алуға; жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан аспайды; несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. «Береке» бағдарламасы: 500 бастан жоғары импорттық ірі қара малды немесе 1000 бастан жоғары ұсақ малды сатып алуға; жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан аспайды; несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. Бағдарлама талаптарының бірі – ауыл шаруашылығы саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Мал шаруашылығының бағыты мен түріне қарай негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 12 айдан 30 айға дейінгі жеңілдікті кезең қарастырылған. Несие алу шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ облыстық филиалдарына және облыстар әкімдіктерінің өңірлік ӘКК-не хабарласуға болады. «Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламасы: мал азығын, жемшөп қоспаларын, жанар-жағармай материалдарын, еңбекке ақы төлеу қорын, ветеринариялық препараттарды, жем дайындау және жем таратуға арналған техника мен жабдықтардың қосалқы бөлшектерін сатып алуға; жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 5%-дан аспайды; несиелеу мерзімі – 12 айға дейін. Сонымен қатар, қаржыландыру арналары кеңейтіліп, жеңілдетілген талаптар мен шарттар белгіленген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы да қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған. Несие алу шарттары туралы толық ақпаратты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалдарынан немесе облыстар әкімдіктері жанындағы өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларынан (ӘКК) алуға болады.

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесінде қандай нысандар қосылған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса ауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4‑4/282 бұйрығымен бекітілген "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде" белгіленген. Аталған бұйрыққа сәйкес тізбеге келесі аса қауіпті зиянды организмдер енгізілген: 1) Өсімдік зиянкестері: - үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус); - зиянды бақашық; - астықтың сұр көбелегі; - гессен шыбыны; - астық қоңыздары; - мақта көбелегі; - өрмекші кене; - саршұнақтар; - тышқан тәрізді кеміргіштер; - колорадо қоңызы; - қырыққабат күйесі; - шалғын көбелегі. 2) Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).

    ·
    Басқа

    Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы қорытынды мониторингтік есеп

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі

    Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы.

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    Жарияланды:
    Қаулы жобасы

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

    Жарияланды: