Құрылым — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган және мемлекеттік орган болып табылады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитет, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және Комитеттің ережесімен оған жүктелген жер ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басшылықты жүзеге асырады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині және оларды қорғау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы бөлігіндегі басшылықты жүзеге асырады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Комитеттің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.